Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте пациенттің алынып тасталған мүшелері қалай “табылды”

Опубликовано:

Динар Мұсаева
Динар Мұсаева. Видеодан алынған кадр: otyrar.kz

Шымкент қаласының тұрғыны Динар Мұсаева қатерлі ісікпен үшінші жыл күресіп келеді. Әйел жекеменшік клиникада түскен МРТ нәтижелеріне таңғалғанын айтады. Себебі онда дәрігерлер бұрын алып тастаған мүшелері табылған деп хабарлайды Otyrar.kz.

Тәжірибелі журналист Динар Мұсаева үш рет ота жасап, 18 химиотерапия курсынан өткен.

Емдеу барысын түзету үшін ол міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру арқылы жеке клиникаға барып, онда МРТ жасайды.

Пациент нәтижені көргенде таңғалып қана қоймай, жағасын ұстаған. Дәрігер Динардан үш ай бұрын алынған жатыр мен аналық безді тауыпты.

Сонымен қатар, ол тексеруден бұрын дәрігерлерге өзінің жасаған операциялары туралы үзінділерді ұсынған.

"Мендегі аналық қосалқылар мен жатыр алынып тасталған. Ал МРТ нәтижесінде "жатыр қалыпты жағдайда, аналық без қалыпты" деп жазылған, өз көзіме өзім сенбеймін", – деді Динар Мұсаева.

Әлеуметтік желілерде жарияланғаннан кейін Шымкент тұрғынына емханадан қоңырау түсіп, сараптаманың жаңа нәтижесін берген. Бұл нәтижеде жойылған мүшелер болмапты, бірақ ісік бары анықталады.

Әйел онкологиялық орталықта қайта тексерілуге бел буған, бірақ мамандар ештеңе таппапты.

Динардың айтуынша, сипаттаманы жазған дәрігер қателесіп, басқа біреудің зерттеу нәтижелерін қолданған.

Медициналық сақтандыру қоры сот ісін бастағанын айтты. Нәтижелері кейінірек белгілі болады.

"Мониторинг жалғасуда, науқасқа сұрақтар бар, біз онымен қосымша сөйлесетін боламыз", – деп түсіндірді ШҚО ӘМСҚ филиалы директорының орынбасары Арапкүл Ізбасарова.

Жекеменшік клиника өкілдерінің айтуынша, бұған дейін алынып тасталған органдар жарықтың үзілуіне байланысты "табылған".

Дәрігер зерттеу нәтижесін жазған кезде электр жарығы өшіп қалған көрінеді. Емдеу мекемесі директорының орынбасары немқұрайлылық болмағанына сенімді.

"Суреттің өзі мәліметтер базасында сақталған, бірақ электр қуатының үзілуіне байланысты оның сипаттамасы жойылды. Дәрігерге қатаң сөгіс жарияланып, жеке ісіне енгізілді", – дейді емхана директорының орынбасары Зарина Точиева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934696-symkentte-pacienttin-alynyp-tastalgan-museleri-qalai-tabyldy/

pixel