Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үсік, қар аралас жаңбыр, көктайғақ: 1 қазанда елімізде ауа райы қандай болады

Жарияланған күні:

ауа райы
Көрнекі фото: sputnik.kz

Еліміздің синоптиктері қазан айының алғашқы күнінде ауа райы қандай болатынын болжады. Мамандардың сөзінше, ертең бірқатар өңірде күн суытады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күндіз 1 қазанда Солтүстік Қазақстан облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады күші 15-20 м/с, облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 23 м/с күтіледі.

Түнде 1 қазанда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі.

1 қазанда түнде Қызылорда облысының солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі.

1 қазанда түнде және таңертең Ақмола облысының оңтүстік жартысында тұман, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Түнде 1-3 қазанда Маңғыстау облысының солтүстігінде 3-қа градусқа дейін үсік күтіледі.

1 қазанда Алматы облысының оңтүстігінде және шығысында батыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с күтіледі.

2-3 қазанда Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында жауын-шашын (жаңбыр басымырақ) жауады, тауда жаңбыр қарға ұласады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таулы аудандарда және облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с.

2-4 қазанда түнде облыстың солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарда 2 градус үсік күтіледі.

Шымкент қаласында 2-4 қазанда топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

Түнде 1-3 қазанда Атырау облысының солтүстігінде 3 градусқа дейін үсік күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934791-usik-qar-aralas-zanbyr-koktaigaq-1-qazanda-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/