RU

Оралда изолятор қызметкерлерімен төбелескен сотталушыларға тағы да үкім оқылды

Түрме1
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Орал қалалық сотында тергеу изоляторының қызметкерлеріне күш қолданған екі сотталушыға айыптау үкімі оқылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының хабарлауынша, екі сотталушы Атырау облысынан РУ-170/1 тергеу изоляторына келген.

"2020 жылдың шілдесінеде екі сотталушы тергеу изоляторы аумағында мекеменің қызметкерлеріне күш көрсеткен. Серуендеуден кейін олар агрессия танытып, әкімшіліктің заңды талабына бағынбаған. Осы ретте сотталушылардың бірі бақылаушының бетінен ұрып, екіншісі қызметкелерді аяғымен тепкен", - деп хабарлады прокуратура.

Сот отырысы барысында айыпталушылар кінәсін мойындамаған. Олар мұндай әрекетке қызметкерлердің өзі итермелегенін айтқан.

"Сот үкімімен кісі өлтіргені үшін 13 жылға бас бостандығынан айырылған 31 жастағы ер адам қауіпсіздігі жоғары қылмыстық-іс атқару мекемесінде 14 жылға бас бостандығынан айырылған.

Бұзақылық үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылған 27 жастағы сотталушы 6 жылға колонияда жазасын өтейді", - деді облыстық соттың баспасөз қызметі.

Сотталушылар аппеляциялық шағым түсірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934808-oralda-izolyator-qyzmetkerlerimen-tobelesken-sottalusylarga-tagy-da-ukim-oqyldy/