jitsu gif branding logo appbranding logo app
Қаржы

    Елімізде халықты баспанамен қамтудың жаңа механизмі қаралып жатыр

    Баспана
    Көрнекі сурет: pixabay.com

    Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр елдегі тұрғын үй мәселесін шешудің жаңа механизмі туралы айтып берді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    "Бүгінде түрлі санаттағы 500 мыңнан астам адам үй кезегінде тұр. Үкімет тарапынан елдегі баспана мәселесін шешу жолында жұмыс белсенді жүріп жатыр. Төлем қабілеті төмен тұрғындар да бар. Олар Отбасы банкінің жеңілдікпен баспана алу бағдарламасына қатыса алады. Өткен жылы баспана салуда рекордтық көрсеткішке қол жеткіздік. Еліміз бойынша 15 млн шаршы метр тұрғын үй салынды. Бұл дегеніміз - 140 мыңнан астам үй. Одан бөлек, сатып алу құқығынсыз жалға берілетін 9,5 мың тұрғын үй салынды. Дегенмен, аталған көрсеткіш аздық етіп отыр", - деді Роман Скляр Үкімет үйінде онлайн өткен баспасөз мәслихатында.

    Үкімет басшысы орынбасарының мәлімдеуінше, бүгінде елімізде баспаналы болудың жаңа механизмі қаралып жатыр.

    "Тағы бір жайт - баспаналы болуда Үкімет пен банк тарапынан жасалған жеңілдіктерге қарамастан төлеу мүмкіндігі аз тұрғындар санаты бар. Мемлекет басшысы аталған санаттағы азаматтардың тұрғын үй мәселесін шешу үшін баспананы сатып алу құқығынсыз жалға берудің жаңа механизмін енгізуді тапсырды. Осы орайда біз құрылыс компанияларына өз ақшасына үй салып, оны халық қалтасы көтеретін бағамен сатып алу құқығынсыз жалға беруді ұсынып отырмыз. Яғни, тұрғын үйді мемлекет емес, жеке құрылыс компаниялары тұрғызады және оған жауапты болады. Біз тек субсидия береміз", - дейді ол.

    Оның сөзінше, тұрғын үй саясатына қатысты аталған жаңашылдыққа Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жауапты.

    Елімізде халықты баспанамен қамтудың жаңа механизмі қаралып жатыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.