Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістанда жас жігіт сүйіктісінің ағасын пышақтады деп күдіктелуде

Опубликовано:

Қос ғашық
Көрнекі фото: piqsels.com

Түркістан облысында сүйіктісінің ағасын пышақтады деген күдікпен 21 жастағы жігіт ұсталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі қаланың тергеу сотына сілтеме жасап.

Қанды оқиға 25 қыркүйек күні Түркістан маңында кешкі уақытта болған.

Тергеудің алдын ала мәліметі бойынша, күдікті оқиға орнына сүйіктісінің ағасымен кездесу үшін BMW көлігімен келген.

Ал зардап шегуші үш досымен бірге Daewoo Nexia көлігімен келген. Жастар арасында жанжал тауындаған. Ағасы қарындасын жайына қалдыруын және онымен байланыспауын талап еткен.

Сол кезде 21 жастағы жігіт өзімен әкелген пышағын алып, қыздың ағасының кеуде тұсына бірнеше рет сұғып алған. Содан кейін оқиға орнына қашып кеткен.

Зардап шегушіні достары ауруханаға жеткізген. Абырой болғанда дәрігерлер өмірін сақтап қалған. Пациент әлі де жансақтау бөлімінде жатыр.

Күдікті көп ұзамай ұсталып, кінәсін мойындаған. Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалып, қылмыс қаруы іздестіріліп жатыр.

Сот Түркістанның 21 жастағы тұрғынын қамауға алуға санкция берген.

Еске сала кетсек, бұған дейін сүйіктісін қайтара алмаған талдықорғандық азамат желіге оның интимдік фотосын жариялап жібергенін жазған едік.

Содан кейін бойжеткен полицияға жүгініп, тәртіп сақшылары Қылмыстық кодекстің 147-бабы, 4-бөлігі бойынша (Жеке өмiрге қолсұғылмаушылықты және дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу) іс қозғады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934872-turkistanda-zas-zigit-kezdesuge-tyiym-salgan-suiiktisinin-agasyn-pysaqtady-dep-kudiktelude/

pixel