Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бастапқыда сене алмадым": Ақтөбеде коронавирусқа қарсы вакцина салдырған жігіт су жаңа көлік ұтып алды (видео)

Опубликовано:

Ер адам
Фото: NUR.KZ

Ақтөбеде коронавирусқа қарсы вакцина салдырған 29 жастағы жігіт су жаңа Chevrolet Cobalt көлігінің иесі атанды. Екі қыздың әкесі кілтін кеше алған көлігінің құжатын рәсімдеп жүр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

26 тамыз күні коронавирусқа қарсы вакцина салдырған Ернұр Ізғалиев бір айдан кейін көлік ұтқанын естіген.

Ол облыстық денсаулық сақтау басқармасынан соғылған "сүйінші қоңырауға" алғашында сенбей, көліктің кілтін қолына алғанда төбесі көкке бір елі жетпегенін айтады.

"Бастапқыда сене алмадым. Денсаулық сақтау басқармасынан көлік ұтқанымды хабарлап, кілтін алуға шақырды. Отбасыммен барып алдым. Үйде вакцина алған тек мен едім. Күтпеген тосынсый болды. Өзім туысқанымның көлігін алып жүретін едім. Қазір өзімнің көлігім бар. Отбасыма үлкен қолдау болды. Алғысым шексіз", - дейді жаңа көлік иесі Ернұр Ізғалиев.

Ернұр Ізғалиев "Томирис" ЖШС-де жұмысшы және "Нағыз бетон" мекемесінде күзетші болып қызмет етеді.

Ол отбасымен мекеме тарапынан берілген қызметтік үйде тұрады. Өзі Ойыл ауданы Саралжың ауылының тумасы.

Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жыл басынан Ақтөбе облысына барлығы 697 960 доза вакцина жеткізілді. Оның ішінде "Спутник V" вакцинасы 478 970 доза, QazVak – 40 990 доза, ХаятВак – 56 000 доза, Coronovac – 22 000 доз, Sinopharm 100 000 доза.

Жалпы өңірде вакцинаның бірінші компонентін 316 307 адам және екінші компонентін 277 222 адам салдырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934913-aqtobede-koronavirusqa-qarsy-vakcina-saldyrgan-zigit-su-zana-kolik-utyp-aldy-video/