Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да полицей параны құм мен цемент күйінде алған

Опубликовано:

Полицей
Көрнекі фото: NUR.KZ

Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау аудандық соты кәсіпкерден құрылыс материалы түрінде пара талап еткен полицейге қатысты үкім шығарды. Сонымен қатар, аға мемлекеттік авто инспекторы бұл үшін тұтас айла-тәсіл ойлап тапқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Іс материалдарынан белгілі болғандай, БҚО Шыңғырлау ауданы әкімшілік полиция бөлімінің 35 жастағы қызметкері сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған.

2021 жылдың мамырында полиция капитаны Шыңғырлау ауылында үш қабатты тұрғын үйдің құрылысы басталғанын біледі. Сөйтіп ол қылмыстық жоспар құрған.

"Пара алу үшін ол құрылыс алаңында қарай жүріп бара жатқан көлікті мақсатты түрде тоқтатып, арнайы техниканың әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларын жасады, осылайша компания басшылығына қысым көрсетіп, өкілдерін өзінен көмек сұрауға мәжбүр етті", – делінген сот үкімінде.

2021 жылы 18 мамырда жол полициясы әкімшілік кодексті бұза отырып, объектіге 16 тонналық катокты жеткізген жүргізушіге хаттама толтырған. Сонымен қатар, ол оны бірнеше сағат бойы полиция бөлімінде ұстады, осылайша үй салу процесін тоқтатқан. Сол күні айыпталушы жағдайды тексеруге келген компания өкілімен кездеседі.

"23 мамырда полицей құрылыс компаниясы өкіліне құм-қиыршық қоспасы мен басқа да құрылыс материалдарын тасымалдайтын көліктердің кедергісіз өтуі үшін әрбір алтыншы рейсті үйі салынып жатқан өзінің жер учаскесіне апару керектігін айтты.

Алдымен полицейдің учаскесіне 6 мың теңгеге 20 тонна құм-қиыршықтас қоспасы жеткізілді. Содан кейін инспектор компания өкілінен 73 мың теңге тұратын 2 тонна цемент әкелуді талап етті. Параның жалпы сомасы 79 мың теңгені құрады", – деп атап өтті облыстық соттың баспасөз қызметі.

Соттың үкімімен пысық полицей параның 50 еселенген мөлшерінде, яғни 3 миллион 950 мың теңгені айыппұл төлеуге міндеттелді. Ол сондай-ақ "полиция капитаны" арнайы шенінен және мемлекеттік қызметтегі лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934957-bqo-da-policei-parany-qum-men-cement-kuiinde-algan/

pixel