Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мұғалімдерге сыйлық жасауға бола ма: Министрлік пікір білдірді

Опубликовано:

Гүл
Көрнекі фото: pixabay.com

Білім және ғылыми министрлігі мұғалімдерге сыйлық жасаудың заңдылығына қатысты ресми түсініктеме берді деп хабарлайды Қазақпарат.

Министрліктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, заң тұрғысында мұғалімдерге сыйлық жасауға тыйым салынбаған.

Өйткені, ұстаздар мемлекеттік қызметкер емес. Сонымен қатар, биыл мамыр айында білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов педагог қауымға құрмет көрсетіп, гүл шоғын сыйлау сыбайлас жемқорлық қаупіне жатпайтынын алға тартқан болатын.

"Қоғамда ұстаздарға гүл сыйлау жемқорлықтың белгісі деген пікір бар. Біз онымен келіспейміз. Осы орайда алдымен қандай жағдайда жемқорлық болып саналатынын анықтап алған жөн. Мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршін ұстазына құрмет көрсетіп, гүл сыйласа, ол - жемқорлық емес", - деген еді министр БАҚ-қа берген сұхбатында.

Одан бөлек, ведомство басшысы білім ошақтарында педагогикалық әдеп сақталуы керектігін алға тартып, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу керектігін қатаң ескертті.

Ол дегеніміз - мектеп қабырғасында түрлі сылтаумен ұстаздардан ақша жинамау керек немесе басшылыққа қымбат сыйлық жасау деген секілді дүниелерден аулақ болу керек деген сөз.

Еске сала кетсек, өткен жылдан бастап елімізде мемлекеттік қызметкерге сыйлық жасауға және оны алуға толық тыйым салынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934960-mugalimderge-syilyq-zasauga-bola-ma-ministrlik-pikir-bildirdi/

pixel