Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дубайдағы EXPO-2021 көрмесінде Қазақстан павильоны қандай болады

Опубликовано:

1
Фото: baq.kz

”QazExpoCongress“ ҰК“ АҚ-ы Дубайда өтетін дүниежүзілік ”EXPO-2021” көрмесі алдында Нұр-Сұлтан қаласындағы EXPO нысандарына пресс-тур өткізіп, Қазақстан павильоны қалай жарақталатыны жайлы айтты деп хабарлайды baq.kz.

1 қазанда ашылатын көрменің жұмысы алтайға жалғасып, 2022 жылдың 31 наурызында аяқталады. Көрме ”Ақылды біріктіріп, болашақты бірге құрамыз” тақырыбымен өтеді.

”Qa ExpoCongress“ ҰК” АҚ-ның төрағасы Аллен Шайжүнісовтың айтуынша, көрмедегі Қазақстан павильонының аумағы 3400 шаршы метрді құрайды. 

”Қазақстанның павильоны мүмкіндіктер кластерінде орналасқан. Оны өте беделді әрі әлемдік көрмелерде павильон жасап жүрген швейцариялық компания жасап берді. Неліктен отандық компаниялар жасамады дегенге келсек, біріншіден, құрылыс алаңы шетелде орналасқан. Екіншіден, көрменің өзі - арнайы нысан. Оларды жинап әкетуге немесе сонда қалдыруға болады. Қазір павильонды Қазақстанға көшіріп әкелу мәселесі айтылды. Сонымен қатар оны Қазақстанның экономикалық, сауда мүддесі үшін сонда мейлінше сақтау керектігі айтылды. Сондықтан оны көшіру, көшірмеу мәселесі әлі де талқыланып жатыр”, - дейді Шайжүнісов.

Сондай-ақ, ол көрмедегі Қазақстан павильонының құрылыс-монтаж жұмыстары толығымен аяқталғанын жеткізді. Дегенмен қазір мультимедиялық жабдықтарды монтаждау жүргізіліп жатыр екен.

Көрмедегі Қазақстан павильоны төрт бөлімнен тұрады.

Оған кірген бетте шоудан басталады, онда адамзаттың ДНК коды мен миграциясының қалыптасуы баяндалады.

Бірінші бөлім ”Қазақстан ұлы дала елі” деп аталады. Онда еліміздің әсем табиғаты, сакральды орындар, мәдени мұралар, биоәртүрлілік және елдің табиғи мүмкіндіктері ұсынылады.

Екінші бөлім ел астанасы Нұр-Сұлтан мен республиканың өзге аймақтарына арналған.

Үшінші бөлім ”Future road” деп аталады. Бұл бөлімде елдің барлық озық мүмкіндіктері ұсынылады деп жоспарланып отыр.

Төртінші бөлім - ”Final show”. Бұл ақылды ойластыру тақырыбына арналған. Онда адам мен жасанды интеллекті арасындағы симбиозы көрсетіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935007-dubaidagy-expo-2021-kormesinde-qazaqstan-pavilyony-qandai-bolady/

pixel