Павлодарда караоке-бардан шыққан түтін өрт сөндірушілерді әбігер қылды (видео)
Опубликовано:

Павлодарда караоке-бардан шыққан түтін өрт сөндірушілерді әбігер қылды деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Шақырту орнына облыстық ТЖД құрамынан 34 адам мен 10 техника шыққан.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 2 қазан күні сағат 21.41-де «101» пультіне Астана көшесі, 16 мекенжайы бойынша "Империал" сауда үйінің шатыры жанып жатқаны туралы хабарлама түскен.
"Алайда келген бойда "PASTILA" караоке-барынан түтін шыққаны анықталды. Жану фактісі расталмады. Іс-әрекеттер алгоритміне сәйкес адам көп шоғырланатын орындарға барлық қызметтер, техника мен адам саны көп жіберіледі," - дейді департаментте.
Сондай-ақ, оқиға орнына "102" қызметі, апаттық медицина орталығы жұмылдырылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935109-pavlodarda-karaoke-bardan-syqqan-tutin-ort-sondirusilerdi-abiger-qyldy-video/