Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сағынтаев отставкаға кетуі мүмкін бе: Алматы әкімдігі желідегі ақпаратқа жауап берді

Опубликовано:

Бақытжан Сағынтаев
Бақытжан Сағынтаев. Фото: Atameken Business Channel

Әлеуметтік желіде Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жақын арада отставкаға кетуі мүмкін екені туралы ақпарат тарады. Бұл сыбысқа "әкімдік" құжатына қала әкімінің орнына оның уақытша міндетін атқарушы С.Құсайыновтың қол қоюы себеп болған.

"Жақын арада алматылықтарда жаңа әкім пайда болуы мүмкін. Әкімдік сыртында Сағынтаевтың отставкаға кететіні жайлы қауесет тарап жатыр.

Бұған бірнеше күн бойы "әкімдік" құжаттарына Сағынтаев мырзаның орнына оның уақытша міндетін атқарушы С. Құсайыновтың қол қойғаны себеп болған",- деп жазады "ВЫХОД К ПРАВДЕ" Telegram арнасы.

Ал әкімдіктің баспасөз қызметі құжатқа әкімнің еңбек демалысына кеткенін хабарлады. Сондықтан құжатқа басқа адам қол қойып жүр, деп түсіндірді олар.

"Алматы әкімі қысқа мерзімді еңбек демалысында",- деді әкімдіктің баспасөз қызметінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935125-zelide-sagyntaevtyn-otstavkaga-ketetini-turaly-aqparat-tarady/

pixel