Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйелі мен өгей қызын қорқытып ұстап, екеуін бірдей зорлаған түркістандық ер адам сотталды

Опубликовано:

Жәбірленушілер
Фото: nemolchi.kz

Әйелі мен өгей қызын бірнеше ай бойы қорқытып ұстап, екеуін бірдей зорлап келген Бәйдібек ауданының тұрғыны сотталды. Бұл туралы жәбірленушілер уақытша пана тапқан Шымкенттегі "Көмек" дағдарыс орталығының өкілі Малика Әбдірашқызы KAZ.NUR.KZ тілшісіне мәлімдеді.

Әйелі мен өгей қызына қорлық көрсеткен ер адамға қатаң режимде 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Еске сала кетсек, Түркістан облысының тұрғыны әйелінің көзінше 12 жастағы өгей қызын зорлады деген күдікке ілінгенін хабарлаған болатынбыз. KAZ.NUR.KZ редакциясына жәбірленген қыздың анасы көмек сұрап хабарласқан. Оның сөзінше, медициналық сараптамада қызының іш киімінен күйеуінің ДНҚ-сы анықталса да, айыпталушының кінәсін дәлелдеу қиынға соққан.

Ақмарал (есімі өзгертілген - ред.) 12 жастағы қызының өгей әкесінен зорлық көріп жүргеніне бірнеше ай "шыдап келгенін" айтқан еді. Оның сөзінше, күйеуі өгей қызы екеуін "өлтірем" деп қорқытқан.

"Бірнеше ай біреуге айтуға қорқып, ешкімге тіс жармай жүрдік. Өйткені қызымды да, мені де әбден қорқытып алған", - деген болатын жәбірленген қыздың анасы портал тілшісімен болған сұхбатта.

Шымкенттегі Көмек дағдарыс орталығының өкілі Малика Әбдірашқызы сүйінші жаңалығын бөлісе отырып, қылмыстық іске қатысты соттың әділ өтуіне ат салысқан KAZ.NUR.KZ порталына алғыс айтты.

"Түркістан облысы Бәйдібек ауданында болған жантүршілерлік отбасылық жайтқа қатысты сот әділ үкім шығарды. Әйелі мен өгей қызына қорлық көрсеткен ер адам 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Осы іске бей-жай қарамай, назар аударғандарыңыз үшін рақмет!", - деді ол.

Еске сала кетсек, қызы жәбір көрген анаға заңды көмек беруге "Не молчи" ұйымының заңгері Данияр Жиенбаев ниет білдірген. Заңгерге сотқа араласу оңайға түспегенін де айта кету керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935156-aieli-men-ogei-qyzyn-qorqytyp-ustap-ekeuin-birdei-zorlagan-turkistandyq-er-adam-sottaldy/

pixel