Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда үйлердің бірінен шығып жатқан қою қара түтін тұрғындарды шошытты (фото, видео)

Опубликовано:

Өрт
Кадр: Telegram / kris_p_almaty_official

4 қазан күні таңертең Алматының Алмагүл ықшамауданындағы тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қою қара түтінді байқап, зәресі ұшқан тұрғындар бұл жайттың видеосын желіде тарата бастады.

Ведомствоның мәліметінше, өрт сөндіру бригадалары оқиға орнына таңғы 06:44-те жол тартқан. Түтінге оранған үйге 7 минутта келіп жеткен өрт сөндірушілер жеке үйдің бірінші қабаты ашық жалынға оранғанын байқайды. Өрт шатырға көшіп үлгергендіктен, әрі қарай көрші үйлерге таралу қаупі болғаны атап өтілді.

Өрт
Фото: Алматы ТЖД баспасөз қызметі

Өрттің тез таралуына үйдің ағаштан және жанғыш жылыту материалдарынан жасалғандығы себеп болған. Газ бен түтіннен қорғау қызметінің 3 буыны үйде адамдардың жоқтығына көз жеткізу үшін барлау жүргізді. Шатырды сөндіру үшін өрт баспалдағы орнатылды.

Өрт
Фото: Алматы ТЖД баспасөз қызметі

Бір сағат өтпей-ақ, сағат 07:38-де өрт оқшауланды. Таңғы сағат 8-де өрт сөндірілді.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өртті сөндіруге 9 техника мен 30-дан астам жеке құрам жұмылдырылды. Көршілес үйлер мен ғимараттарға өрттің таралуына жол берілмеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935231-almatyda-uilerdin-birinen-sygyp-zatqan-qoyu-qara-tutin-turgyndardy-sosytty-foto-video/

pixel