Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде спорт кешені қызметкерлерінің жылқыларды көлікке аяусыз тиеп жатқан видеосы пайда болды

Опубликовано:

Ат
Видеодан кадр: instagram.com/kris_p_brothers_bazaranet

Әлеуметтік желіде Алматының "Тұлпар" ат спорты кешенінің қызметкерлерінің көлікке жылқыны аяусыз тиеп жатқаны бейнеленген видео пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оқырмандар "Тұлпар" ат спорты кешенінен түсірілген видеоға наразылықтарын білдірген. Кадрларда жануарларды "ГАЗельге" тиеу процесі көрсетілген. Сонымен қатар, роликтен кешен қызметкерлерінің жылқыларды ұрып, оларға қатыгездік көрсеткенін байқау қиын емес.

"Қожайыны жақында ауысты. Ол аумағын абаттандырып, адамдар мен аттарға жағдай жасап жатырмыз дейді. Тіпті, хауыз да салған. Қатардан шыққан аттарды түсте "Газельге" салып, ел-жұрттың көзінше қасапханаға жіберіп жатыр.

Бұл кешенде атақты спортшылар мен мүмкіндігі шектеулі балалар келеді. Ат спортының өкілдері осы кешенге қолдау көрсетіп, дәріптеп жатыр. Бірақ бұндай әрекетте еш қисынға келмейді, - деді krip_p_brothers_bazarnet тобының қолданушысы.

Кейінірек "Тұлпар" ат спортшы кешенінің әлеуметтік желісіндегі парақшасында мекеме басшысы Жасұлан Қыдырбаевтың ел тұрғындарына жасаған үндеуі жарық көрді.

Оның сөзінше, жылқыларды тиеуді ұйымдастырған қызметкерлер жазаланған.

"Жақында барлығы "жылқыларды союға жібереді екен" деп жаза бастады. Бұл дұрыс емес. Кәсіби спортшы ретінде мен мұндай енжарлыққа жол бермес едім. Мен көптің талқысына түскен роликті көріп, тиісті шара қолдандым. Өз жұмысына немқұрайлы қарағандар жазаланды. Қосымша сұрақтар болса, хабарласуларыңызды сұраймын. Кеше қоңырау шалып, менің жеке нөміріме бұл жағдай туралы жазғандардың барлығына рақмет. Менің жылқыны сойып, етке өткізу туралы ешқандай ойым болған жоқ. Алдағы уақытта бұндай жағдай орын алмас үшін бәрін бақылайтын боламыз", - деді Жасұлан Қыдыбаев.

Алматы полиция департаменті басшысының тергеу жұмыстары жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов бұл оқиға бойынша тексеру жұмыстары басталғанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935235-zelide-sport-keseni-qyzmetkerlerinin-zylqylardy-kolikke-ayausyz-tiep-zatqan-videosy-paida-boldy/

pixel