Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

11 градус аяз болады: Синоптиктер алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды

Опубликовано:

Күз
Көрнекі сурет: pixabay.com

5-7 қазанға арналған ауа райы болжамын "Қазгидромет" РМК синоптиктері назарға ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Синоптиктер болжамына сәйкес, 5-7 қазанда еліміздің басым бөлігі солтүстік-батыс антициклонның ықпалында болады. Нәтижесінде күн райы жауын-шашынсыз болып, ауа температурасы одан әрі төмендей түседі.

Ал Қазақстанның солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерінің ауа райы циклонға байланысты құбылмалы болады — жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі.

6 қазанда таулы аудандарда қатты жауын-шашын болып, тұман, көктайғақ, бұрқасын болуы ықтимал.

Түнде еліміздің батысында 0 градустан минус бес градусқа дейін аяз болып, солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта ауа температурасы минус 5-10 градусқа дейін төмендейді. Ал шығыста минус 3-11 градус аяз күтіледі.

Оңтүстікте түнгі уақытта минус 1-6 градус аяз болады.

Нұр-Сұлтан қаласында 5-6 қазанда күндіз 1-3 градус жылы болса, түнде минус екі-төрт градусқа дейін күн суытады. Қар аралас жаңбыр күтіледі.

Ал Алматыда 5 қазан күні күндіз 13-15 градус жылы болса, түнде 3-5 градус жылы болады деп күтіледі. Ал алтыншы қазан күні ауа температурасы күндіз 4-6 градусты көрсетіп, түнде плюс екіден нөл градусқа дейін төмендемек.

Түркістан облысында 5-6 қазанда күндіз плюс 10 градустан плюс 20 градусқа дейін жылы болмақ. Түнде ауа температурасы +5 градустан 0 градусқа дейін төмендейді деп күтіледі.

Түркістанда 5-6 қазан күндіз +12 және +18 градус аралығында жылы болса, түнде +3 пен +7 аралығында жылы болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935255-11-gradus-ayaz-bolady-sinoptikter-aldagy-us-kunge-aua-raiy-bolzamyn-usyndy/

pixel