Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жартылай жалаңаш африкалықтар тағы бір қазақстандық әкімге видео түсірді

Опубликовано:

Видеодағы кадр
Видеодан алынған кадр: ZTB | QAZAQSTAN

Африканың жартылай жалаңаш қара нәсілді жігіттерінің кезекті видеосы әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр. Бұл жолғы сәлемдемені ер азаматтар тағы бір қазақстандық шенеунік, Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаровқа арнады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ақтөбе әкімінің портретін ұстаған бір топ қара нәсілділер алдымен оны 3 қазанда болған туған күнімен құттықтайды. Содан кейін олар "Happy birthday to you" деп әндетеді, кейін Юрий Шатуновтың "С днем рождения!" әніне әсерлі етіп билейді. Ақтөбе қаласы әкімдігі баспасөз қызметі видеоға қатысты түсініктеме берді.

"Біз Асхат Шахаровты кім құттықтағанын білмейміз. Біз бұл құттықтауға тапсырыс берген жоқпыз. Әрине, мемлекеттік қызметшінің абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіру жағымсыз әсер қалдырады", – деп атап өтті ведомство баспасөз қызметі.

Ашық дереккөздердің айтуынша, Асхат Шахаров 1978 жылы 3 қазанда дүниеге келген, яғни бір күн бұрын 43 жасқа толған.

Еске сала кетейік, әлеуметтік желіде Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омардың суретін ұстап билеген қара нәсілді жігіттердің видеосы қызу талқыға түскен болатын.

Әкімдік түсіндіргендей, Африкадан келген мұндай сәлемдемені кез келген адам ақылы түрде тапсырыс бере алады. Ведомствода Жақсылық Омарға арналған видеоны кім тапсырыс бергенінен бейхабар екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935308-zartylai-zalanas-afrikalyqtar-tagy-bir-qazaqstandyq-akimge-arnap-video-tusirdi/

pixel