jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

"Аяқталуға жақын": Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің құрылысы қалай жүріп жатыр (видео)

Мешіт
Кадр: YouTube / Владислав Воднев

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің құрылысы аяқталуға жақын деп хабарлайды Azattyq Ryhy.

Отандық видеооператор Владислав Воднев YouTube-каналында жақын арада ел астанасында ашылатын мешіттің бүгінгі келбетінен видео жариялады.

Салынып жатқан мешіт EXPO-2017 аумағынан әріректе – Қабанбай батыр мен Мәңгілік Ел даңғылдарының арасында орналасқан.

Басты күмбездің биіктігі – 88,2 метр, ал мұнараларының биіктігі – 140 метр. Мешіттің сыйымдылығы 30 мың адамға дейін жетеді: ерлерге арналған залға 15 мың адам сыяды, әйелдерге арналған залға бір уақытта 3 мыңға жуық адам кіре алады, ауланың және басқа үй-жайлардың сыйымдылығы 12 мың адамға жетеді.

Мешіттің құрылысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша демеушілік қаражат есебінен жүріп жатыр.

Мешітті салу жұмыстары 2019 жылдың көктемінде басталған болатын. Ал 2021 жылдың соңында құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр.

"Аяқталуға жақын": Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің құрылысы қалай жүріп жатыр (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.