Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгіннен бастап бала туғанда берілетін жәрдемақыны ресімдейтін жаңа сервис іске қосылды

Опубликовано:

Сәби
Көрнекі фото: pixabay.com

Енді елімізде бала туғанда және бала күтімі үшін берілетін жәрдемақыларды екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларында ресімдеуге болады деп хабарлайды Elorda.info.

Бала туғанда берілетін жәрдемақыны ресімдейтін жаңа сервис бүгіннен, яғни 5 қазаннан бастап қолжетімді.

Жобаны Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Әділет министрлігі және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бірлесіп іске асыруда.

Екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы мемлекеттік қызметтерді алудың ыңғайлы тұсы сол, мұндай процесс кезінде жеке ЭЦҚ-кілттерді пайдаланудың және қосымша ақпаратты енгізудің қажеті жоқ.

Пилоттық жобаға Kaspi Bank пен Halyk Bank қатысуда. Жәрдемақы немесе әлеуметтік төлем тағайындауды ресімдеу үшін осы банктердің бірінің мобильді қосымшасында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша бөлімді тауып, тиісті мемлекеттік қызметті таңдап, дербес деректерді өңдеуге келісімді растау қажет.

Өтінімді жібергеннен және оны мемлекеттік орган тарапынан қарағаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға оны қарау нәтижесі және тағайындалған төлем сомасы туралы PUSH-хабарлама және SMS жіберіледі.

“Бұл жоба келесі тоғыз айда жүзеге асырылады. Оң динамика мен сұраныс болса, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер техникалық жағынан дайын болса, жоба пилоттық форматтан қолданыстағы форматқа көшіріледі деп жоспарлануда. Өз кезегінде, мемлекеттік органдар басқа екінші деңгейдегі банктермен ынтымақтасу және ЕДБ мобильді қосымшалары арқылы көрсетілетін қызметтердің тізбесін кеңейту үшін ашық”, – деп атап өтті Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік қызметтерді талдау және дамыту департаментінің директоры Анар Төлеубаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935377-buginnen-bastap-bala-tuganda-beriletin-zardemaqyny-resimdeitin-zana-servis-iske-qosyldy/

pixel