Синоптиктер ертең Алматыда қар жауатынын хабарлады
Опубликовано:

Ауа райын болжаушылар ертең, 6 қазан күні Алматыда қар аралас жаңбыр жауатынын болжады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы "Қазгидрометке" сілтеме жасап.
Синоптиктер ұсынған ақпаратқа сәйкес, оңтүстік астанада қар жауып, ауа температурасы- 3-5° дейін төмендейді.
Бүгін Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын жаумайды, дейді олар.
- Жел екпіні - 0-5 м/с шамасында.
- Ауа температурасы түнде - 3-5, күндіз +13-15 градус жылы.
Мамандар 6 қазанда Алматыда жауын-шашын болатынын, түнде қар аралас жаңбыр жауатынын хабардар етті.
"Солтүстік-шығыстан соққан жел екпіні - 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде - 0-2, күндіз +4-6 градус жылы. 7 қазанда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел екпіні - 2-7 м /с. Ауа температурасы түнде -2-4 градус суық, күндіз +2-4 градус жылы",- деді синоптиктер.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935408-sinoptikter-erten-almatyda-qar-zauatynyn-xabarlady/