Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда сот орындаушысы соққыға жығылды: жәбірленушіге Жанқош Тұраров қысым көрсеткен

Опубликовано:

Фото
Фото: t.me/nehabar

Алматыда жеке сот орындаушысына шабуыл жасалды. Бұл ақпаратты тиісті ведомствоның ресми сайты растап отыр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жеке сот орындаушысы республикалық палатасының ұсынған мәліметі бойынша, оқиға 4 қазанда болған.

Күндіз сағат 11 шамасында Алматы қаласының Бостандық ауданында орналасқан тұрғын үйге жапсарласып салынған нысанды бұзу іс-шаралары жоспарланған болатын.

Сот орындаушысы жапсарласып салынған нысан аумағына тәртіп сақшыларымен бірге кірді.

"Тәртіп сақшыларының жанындағы белгісіз адамдар сот орындаушысына қысым жасай бастады. Сот орындаушысына өз міндетін толық орындауға барынша кедергі жасауға тырысты", – делінген ведомство хабарламасында.

Сот орындаушысы "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының орындау кезінде басшылыққа алған нормаларын дауыстап оқыды.

Қазақпарат мәліметінше, нысан иесі сот орындаушысын буындырып, ғимаратты бұзуды тоқтатуды талап еткен, кейін қабырғасы мен өкпе тұсынан ұрған.

"Соққы полиция қызметкерлерінің көзінше болған. Жедел жәрдем дәрігері соққының денсаулыққа орта дәрежеде зиян келтіргенін айтты. Полиция қызметкерлері қашып кетіп, оқиға орнында болмаған",- делінген жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы таратқан хабарламада.

Сот орындаушысы ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғау туралы арыз жазып, таяқ жегеннен кейін көшеге жүгіріп шыққан учаскелік полицияға берді.

"Оқиға кезінде сот орындаушысына және басқа адамдарға қысым жасау мақсатында нысан иесі боксшы Тұраров Жанқош Жасұланұлын шақырған. Оқиға орнына келген боксшы сот орындаушысынан нысан иесіне қатысты полицияға түсірген арызын алуды талап еткен. Сондай-ақ, Жанқош Тұраров бұл әрекетті заңсыздық деп санап, осы үшін қорқытқан. Кейін нысан иесі мен Жанқош Тұраров сот орындаушысын қорқыта бастаған. Тікелей қысым көрсетіліп, сот актісінің талаптарын орындаудан бас тартуға мәжбүрлеген", - деді ведомство.

Алматы қалалық полиция департаменті Бостандық аудандық полиция бөлімінде бұл жағдай тіркелгенін хабарлады.

"Сот орындаушылары үй иесіне қарсы арыз жазды, оның негізінде тиісті сараптамалар тағайындалды, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Полиция үйдің иесін ұстады және оны басқармаға жеткізді. Қазіргі уақытта тексеру жүргізілуде, оның нәтижесі бойынша барлық жанжалға қатысушылардың әрекеттері бағаланады", - деп хабарлады департамент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935436-almatyda-sot-oryndausyny-soqqyga-zyqty-zabirlenusige-zanqos-turarov-qysym-korsetken/

pixel