Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейде "той ұйымдастырған" шенеунікке қатысты шулы оқиғаның нүктесі қойылды

Опубликовано:

Мейрамхана
Көрнекі фото: piqsels.com

Семейде "той ұйымдастырған шенеунікке" қатысты оқиғаның нүктесі қойылды. Аталған факті бойынша хаттама толтырылмаған. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы санитарлық-эпидемиолоиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады деп жазады Arnapress.kz.

Санитар дәрігерлер мен полиция қызметкерлері жұмбақ мемлекеттік қызметкердің жеке-басын сол күйі анықтай алмаған.

"Материлдардың жетіспеуінен іс қозғалмады. Фотолар анық емес, ешкім көрінбейді", - деді ШҚО Санитарлық-эидемиологиялық бақылау департаменті.

Ведомсто бұдан кейін бұл мәселемен айналыспайтынын атап өтті.

Еске сала кетсек, тамыз айының соңында әлеуметтік желіде Семейдегі қымбат мейрамханалардың бірінде қалалық әкімдік бөлімі басшыларының бірі, мониторингтік топтардың жұмысын бақылайтын шенеунік жиені үшін той өткізді деген ақпарат пайда болған еді.

Хабарлама авторлары іс-шарадан фото беруге дайын болған.

Алайда бірнеше апта өтсе де, санитар дәрігерлер мерекені ұйымдастырған кім екені туралы сауалға жауап бере алмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935462-semeide-toi-uiymdastyrgan-seneunikke-qatysty-suly-oqiganyn-nuktesi-qoiyldy/

pixel