jitsu gif

Алланың 99 есімін блокнотқа жазып отыратын егде жастағы әйелдің жақындары іздестірілуде (видео)

Аманкүл
Кадр: Facebook / Гульмира Абыкай

Журналист Гүлмира Әбіқай Facebook парақшасында егде жастағы шымкенттік әйелдің жақындарына іздеу салды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Қысы-жазы, күні-түні Алланың 99 есімін Құраннан блокнотқа көшіріп отырады. Есімі Аманкүл Сайлаубекқызы, жасы 55-те... Өзі “2005 жылдан бері балаларымды көрген жоқпын, бәрі мені тастап кетті” деп мұңын шақты... Кімде-кім шымкенттік Аманкүл апамызды жақын таныса, бала-шағасын білетіндер болса хабарласыңыздар", - деп жазған журналист шымкенттік әйелдің видеосын бөлісті.

Сол арада желі қолданушылары Шымкент тұрғынының жақындары тезірек табылуына тілек білдіріп, жазба астында өз пікірлерін қалдыруда.

"55 жастағы адам жас емес пе, мұнысы несі", "Отбасы табылып, бұл күндердің бәрі артта қалсын", "Шіркін-ай, осындай анам болса ғой, қандай күйде болса да, бірге күн-түн демей қасынан шықпас едім", - деп жазған пікір қалдырушылар.

Еске салсақ, бұған дейін Журналист Гүлмира Әбіқайға өз анасына іздеу салған оралдық офицер хат жазғанын хабарлаған едік.

28 жастағы офицер жаңа туған баласын көшедегі дәретханаға тастап кеткен Атырау облысындағы келіншек туралы оқиғаны естігеннен кейін анасын іздеп, журналистке хат жазған.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.