Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тарихта алғаш рет: Байқоңырдан ғарышқа киноэкипаж ұшырылды

Опубликовано:

экипаж
Фото: Instagram/juliaperesild

Байқоңыр ғарыш айлағынан "Союз МС-19" ғарыш кемесімен МКС-66 экипажы ғарышқа аттанды. Бортта ресейлік режиссер Клим Шипенко, актриса Юлия Пересильд және Роскосмос ғарышкері Антон Шкаплеров бар деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап KAZ.NUR.KZ тілшісі.

5 қазанда Байкоңыр ғарыш айлағынан "Союз МС-19" кемесімен МКС-66 экипажының мүшелері ғарышқа ұшты. Ғарыш кемесі тарихта алғаш рет көркем фильмнің түсірілім тобын орбитаға жеткізбек.

Ресейлік режиссер онда "Вызов" атты киноның эпизодтарын түсіруді жоспарлап отыр. Зымыранды Роскосмос ғарышкері Антон Шкаплеров басқарады.

Ғарыш кемесі орбитаға 5 қазанда жетуі тиіс. Кино тарихында бірінші рет фильм түсіру үшін актерлар ғарышта 12 күн бойы болады. Олар 17 қазанда Жерге оралуды жоспарлап отыр.

Басылымның мәліметінше, осыған дейін "киноэкипаж" ұшу алдындағы емтихандарды жақсы тапсырған.

Айта кетейік, "Вызов" (Шақыру) — халықаралық ғарыш станциясында түсірілетін алғашқы киножоба.

"Вечерний Ургант" шоуы "Вызов" фильмінің түсіріліміне қатысушылардан құралған экипаж мүшелерінің көкке көтерілу сәтінен хабар таратуда.

Ресей басылымдары "Роскосмостың" осылайша NASA мен SpaceX-тің ғарышқа кино түсіру бойынша жоспарын олардан бұрын орындап қойғанын, бәсекелестерін басып озғанын жарыса хабарлауда. Осыған дейін БАҚ голливудтық актер Том Круз бен режиссер Даг Лайманның ғарышқа кино түсірілімі бойынша аттанатынын жазған еді.

"Союз-2.1а" зымыраны "Союз МС-19" кемесімен Байқоңырдың 31-ші ғарыш айлағынан 5-қазан күні Нұр-сұлтан уақыты бойынша 14:55-те ұшырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935482-tarixta-algas-ret-baiqonyrdan-garysqa-kinoekipaz-usyryldy/

pixel