"Мен оны отырғызамын": Алматыда соққыға жығылған сот орындаушысы видео жариялады
Жарияланған күні:
Алматыдағы жанжал кезінде жараланған сот орындаушы өзінің денсаулығы туралы видеожазба түсірді.
Видео Instagram-дағы ZTB парақшасында пайда болды.
"Бәрі жақсы. Аман-есенмін. Шабуылдаушы бауырымнан ұрды деп ойлап ем, өкпеме соққы жұмсап, тынысым тарылды, дем ала алмадым. Есімді жиып, өз-өзіме келдім. Қазір бәрі жақсы. Мен оны отырғызамын", – деді сот орындаушысы.
Журналист Михаил Козачков видео кейіпкерімен хабарласпақшы болған, бірақ ол телефонға жауап бермеді. Алайда, журналист сот орындаушыны соққыға жыққан адаммен (М. И.) тілдесті.
"Мен жылжымайтын мүлікті қыркүйек айының соңында сатып алдым және объектіні қайта тіркеу кезінде мүлікке ешқандай ауыртпалықтар болған жоқ. Үй ғимараттың тіркеу куәлігінде ұзартумен көрсетілген, яғни "Азаматтарға арналған үкімет" маған жылжымайтын мүлікті осы қалпында сатып алуға рұқсат берді", – деп Козачков өзінің Telegram арнасында И.-дің сөзін келтірді.
Шабуылшы атап өткендей, оқиға 4 қазанда болған. Бұл күні жас жігіттер тобы – 10 шақты адам оның жер телімінің аумағына полиция қызметкерлерімен бірге үйдің ұзартылған жерін бұзу үшін кірді. Алайда, ер адамның айтуынша, сот шешімінің оған қатысы жоқ.
"Сот шешімі маған емес, үйдің бұрынғы иесіне қатысты! Сот орындаушысы мен оның қолдау тобы қоршауды бірден бұзды, содан кейін олар учаскеден шығудан үзілді-кесілді бас тартты. Мен учаскелік полициядан тәртіпті қалпына келтіруді бірнеше рет сұрадым, кезекші прокурорды шақырдым, қалалық полиция бөліміне қоңырау шалдым, бірақ полицейлер әрекетсіздік танытты. Тәртіп сақшылары мен сот орындаушыларының әрекеті заңсыз деп есептеймін", – деп қосты И.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935511-men-ony-otyrgyzamyn-almatyda-soqqyga-zygylgan-sot-oryndausysy-video-zariyalady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.