Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өткен жылы банк тонап Қазақстанды дүрліктірген қылмыскерлер сотталды

Опубликовано:

Видеодан кадр
Фото: Хабар 24 арнасы

Алматыда өткен жылдың қазан айында банк тонаған үш адам сотталды деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Алмалы аудандық сотының маусымдағы үкімін қалалық соттың аппеляциялық комиссиясы өзгеріссіз қалдырды.

Ресми мәліметтерге сенсек, қарақшылар қаржы ұйымына 2 394 830 теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.

Нәтижесінде сот екі ер адамды Қылмыстық кодекстің 192-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы "Қарақшылық" ісі бойынша кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айырды.

Ал тағы бір айыпталушыға "Қарақшалық" бабымен қатар "Алаяқтық" бойынша да іс қозғалғаны белгілі болды.

Ол 2019 жылы риелтор болып, пәтер сатып алмақ болған 7 адамның қаражатын жымқырған. Шығынның жалпы көлемі 60 миллион теңгеден асады. Соттың шешімімен үшінші күдікті 8 жылға темір торға тоғытылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935657-otken-zyly-bank-tonap-qazaqstandy-durliktirgen-qylmyskerler-sottaldy/

pixel