Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мына дауысты тұншықтыру обал": Тойда ән салған әйелдің даусына ел таңдай қақты

Опубликовано:

Гүлбақыт Ерікқызы
Видеодан кадр: Facebook/Мұрат Әбенов

Ауылдағы тойда Латиф Хамидидің әйгілі "Бұлбұл" әнін шырқаған қарапайым келіншектің даусына көпшілік таңдай қағуда. Видео Facebook әлеуметтік желісінде тарап кетті деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қоғам белсендісі Мұрат Әбеновтің сөзінше, желі қолданушыларын таңғалдырған ерекше дауыс иесі Қостанай облысы Сарысу ауылының тұрғыны Гүлбақыт Ерікқызы.

Видео кейіпкері Латиф Хамидидің "Бұлбұл" әнін жеңіл әрі таза орындап, көпшілікті тәнті еткен. Тойда оның өнерін жоғары бағалаған қонақтар ақшалай сый да ұсынған.

Ауылдағы тойда ән салған қарапайым әйелге желі қолданушылары үлкен сахнаға шығуға тілектестік білдіруде. Желідегілер одан үлкен өнерге келуін өтініп, пікір қалдырып жатыр. Видеоны көргендер Гүлбақыттың Димаштай әлемдік деңгейдегі әнші болатынына сенімді.

"Мәдениет саласында жұмыс істейтін шығар деп үміттенемін, әйтпесе басқа жұмыста мына дауысты тұншықтыру обал", "Шіркін-ай, мына қыздың өнерін дамытар ма еді!", " Керемет дауыс, керемет орындау! Осындай алтын дауысты сахнаға шығару керек қой", - деп жазды әншінің даусына сүйсінген ел.

Желі қолданушылары талант иелерінің көпшілігі ауылдан шығатынын атап өтуде. Олар ауылдардағы мәдениет үйлерінің жұмысын жандандыруды сұрады.

"Біле білсек, таланттың бәрі ауылдан шыққан нағыз өнер адамдары", Қазiр көптеген ауылда мәдениет үйлері қирап жатыр. Осындай таланттар өнерлерiн жетiлдiрiп, сахнадан шырқаса ғой", - деген тілек білдірді желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935706-myna-dauysty-tunsyqtyru-obal-toida-an-salgan-aieldin-dausyna-el-tandai-qaqty-video/

pixel