Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

COVID-19: Денсаулық сақтау министрі қарашаның соңына дейін болжам жасады

Опубликовано:

Маска таққан әйел адам
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов ОКҚ-да өткен брифингте жақын арада және келер жылдың көктемінде елімізде коронавирус жұқтыру көрсеткіші қандай болуы мүмкін екенін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Марат Шоранов елде эпидемиологиялық ахуал тұрақтанғанын атап өтті.

"Өткен жылы да дәл осындай жағдай болған. Біз болжам жасаймыз. Дегенмен әлемдік тәжірибеге сәйкес болжам екі айға жасалады. Қараша айының болжамына қарап, жағдай тұрақты болады деп күтудеміз. Ал көктемге арналған болжамды жыл басында жариялаймыз", - деді Шоранов.

Сонымен бірге, вице-министр коронавирустың белсенділігі мен климаттық жағдайлар арасындағы байланыс анықталмағанын атап өтті. Салыстыру үшін ол Қазақстанға ұқсас климаты бар Ресейдегі жағдайды мысалға келтіріп, көрші елде коронавирус жұқтыру көрсеткіш өскенін айтты.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой да Қазастанда соңғы айларда эпидемиологиялық ахуал жақсарғанын хабарлады.

Оның сөзінше, Қазақстан мен 8 өңір жоғары қауіпті аймақтан орташа қауіпті аймаққа көшті. Үш аймақ орташа қауіпті аймақтан "жасыл" аймаққа өтті. Олар Жамбыл, Маңғыстау және Қызылорда облыстары.

"Қыркүйек айының басымен салыстырғанда күнделікті ауру жұқтыру көрсеткіші 2,4 есеге азайды... Сондай-ақ ауыр науқастардың санының азаюы байқалады. Мәселен, соңғы айда ауыр және аса ауыр науқастардың саны 2 есеге, яғни 1957-ден 950 жағдайға дейін төмендеді", - деді Алексей Цой.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935740-koronavirus-densaulyq-saqtau-ministri-qarasanyn-sonyna-deiingi-bolzamdy-zariyalady/

pixel