Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанға Pfizer вакцинасының 4 млн дозасын жеткізу жоспарланып отыр

Опубликовано:

екпе
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ОКҚ өткен брифингте коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасы Қазақстанға қашан жеткізілетінін айтты деп хабарлайды Coronavirus2020.kz Telegram каналы.

"Рfizer бойынша ақтық келісімшартқа қол қойдық. Рfizer компаниясында келісімнің бірнеше процесі бар. Ақтық келісімшарт бойынша төртінші тоқсанда шамамен 4 млн доза жеткізу жоспарланып отыр.

Қазақстанның әр өңірінде тоңазыту жүйесі болады. Ол қажетті -80 градустық режимге сай болуы керек.

Вакцинациялау пункттері құрылады. Принципі ұқсас, тек сақтау температурасының режимі ғана өзгеше. Сондықтан өңірлердің бәрінде қосымша қондырғылар орнатылады", - деді Алексей Цой.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алексей Цой коронавирусқа қарсы вакцинаны қайта салу науқаны қашан басталуы мүмкін екенін айтқан еді.

"Қазіргі кезде иммунизация жөніндегі комиссия қанша вакцина салу қажеттігін, вакцинаның қай түрі болады және оның мөлшерін қарастырып жатыр. Жақын арада ведомствоаралық комиссияға ревакцинацияға қатысты ұсыныстар енгізіледі. Біз әлемдік тәжірбиені жіті бақылап отырмыз. Әрбір мемлекет оны әрқалай жасайды. Бірақ басым бөлігі 6-9 айдан кейін вакцинаны қайта салу қажеттігін қолдап отыр", - деді Цой.

Министрдің айтуынша, коронавирусқа қарсы вакциналауды былтыр бастаған мемлекеттер ревакцинацияны іске асыруға кірісті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935747-qazaqstanga-pfizer-vakcinasynyn-4-mln-dozasyn-zetkizu-zosparlanyp-otyr/

pixel