Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда өрт сөндіру көлігі мен мектеп автобусы соқтығысып, 9 бала зардап шекті (видео)

Опубликовано:

Жол апаты
Оқиға орнынан фото: Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаменті

Бүгін Павлодарда Елгин мен Щедрин көшелерінің қиылысында жол апаты тіркелді. Өрт сөндіру көлігі мен мектеп автобусы соқтығысып, салдарынан 9 бала жарақат алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Полицияның мәліметінше, өрт сөндіру техникасы және мектеп автобусының қатысуымен жол апаты шамамен түнгі 2.15-те болған.

Ата-аналар оқиға орнынан бір баланы ауруханаға өз бетімен жеткізген. Одан бөлек, тағы 8 мектеп оқушысының жарақат алғаны хабарланды.

"Кәмелетке толмаған 9 баланың ішінде үш бала травматологиялық бөлімге жатқызылды. Бұл 10 жасар ұл мен 14 жастағы екі қыз бала. Барлық қажетті емдік-диагностикалық шаралар жүргізілуде",- деді Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы.

Павлодар облысы
Оқиға орнынан фото: Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаменті

Дәрігерлер 6 баланы ауруханаға жатқызудың қажет болмағанын, сондықтан амбулаториялық емдеуге жіберілгенін түсіндірді.

Ал облыстық төтенше жағдайлар департаменті Щедрин-Елгин көшелерінің қиылысында шақыру жолында № 43 жалпы орта білім беру мектебінің оқушыларын тасымалдайтын ПАЗ автобусымен 8 тонналық өрт автоцистернасы соқтығысқанын мәлім етті.

Автоцистерна Елгин көшесі бойымен келе жатып көк немесе қызыл түсті жарқылдауық маягын және арнайы дыбыс сигналын іске қосқаны белгілі болды.

"Өрт сөндіру көлігі бағдаршамның қызыл түсі жанғанда жүріп келе жатқан. Щедрин көшесіндегі ПАЗ автобусы оған жол берместен қозғалысын жалғастырып, өрт сөндіру көлігін соққан. Осы уақытта автобуста орта жалпы білім беру мектебінің оқушылары болған" , - делінген ведомствоның хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935748-pavlodarda-ort-sondiru-koligi-men-mektep-avtobusy-soqtygysyp-9-bala-zardap-sekti-video/

pixel