RU

Ұжымдық иммунитет қалыптасқанда маскасыз жүруге бола ма

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов "ұжымдық иммунитет қалыптасқанда маскасыз жүруге бола ма" деген сауалға жауап берді деп хабарлайды Қазақпарат.

Бұл туралы Марат Шоранов орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында айтты.

Оның сөзінше, қазіргі уақытта масканы шешуге қатысты шешім жоқ.

"Неге десеңіздер, тіпті вакцина алған күннің өзінде де өзге адамдардың жұқтыру тәуекелі сақталады. Сондықтан да маска режимін қашан алып тастайтынымызға қатысты мәселені қарастырып отырған жоқпыз. Маска режимін сақтаған кезде және вакцина алғаннан кейін ғана пандемияны жеңе аламыз", - деді денсаулық сақтау министрінің орынбасары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935768-uzymdyq-immunitet-qalyptasqanda-maskasyz-zuruge-bola-ma/