Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Немеремнің бетіне қарай алмаймын": 63 жасында жан құрбысын өлтірген кейуана өкінішін айтты

Опубликовано:

Көрнекі сурет
Көрнекі сурет: myseldon.com

Жанжал барысында өз құрбысын өлтіріп алған аула сыпырушы Екатерина Васильевна (есімі өзгертілді) Қарағандыдан Павлодар колониясына ауысып келді. Ол ауыр қылмыстан кейінгі өкінішін жасыра алмай, арақтың кесірінен өмірі күл-талқан болғанын айтты. KAZ.NUR.KZ порталына сұхбат берген сотталушы халықты алкогольдік ішімдіктен аулақ болуға шақырған.

Екатерина Васильевна Қарағанды қаласындағы қарапайым отбасында дүниеге келген. Училище бітіріп, бірден күйеуге шыққан. Алты ұл мен бір қыздың анасы атанған. Ол тігінші, бұзаушы және көкөніс өсіруші болып жұмыс істеді. Негізінен бала тәрбиесімен айналысқан. Сондықтан, өзіне ыңғайлы кестемен жұмыс іздеген.

"Менің балаларым мектептен басқа ешқайда оқымады. Қазір менің үш ұлым мен қызым ғана қалды. Екі ұлымды жерледім. Төрт жыл бұрын жесір қалдым, Он төрт немерем бар. Ең үлкені 18 жаста. Бастауыш сынып мұғалімі мамандығында оқиды", - дейді ол.

Сотталушының айтуынша, ол түрмеге кездейсоқ түскен. Сол кездері Қарағандыда аға аула сыпырушысы болып жұмыс істейді. Қайғылы күні құрбыларымен бірге ішімдік ішкен.

"Бәрі де марқұмның үйінде болды. Құрбым қатты мас болып қалды да, дауыс көтеріп, ұрсыса бастадық. Мен қызанақ турап тұрған едім, қолымда ас үй пышағы бар. Бір сәтте ол артқа қарап тұрған мені бір ұрды. Мен оны сол қолыммен итеріп, қазір үйге кететінімді айтып, тынышталуды өтіндім. Содан кейін ол қайтадан менің артымнан көтеріліп жатқанын сездім. Мен бұрылған кезде пышақ ұстап тұрған қолым екпінмен оның аяғына кірді. Пышақ аяғының тамырларын кесіп кетке", - деп еске алды сотталушы.

Құрбысы көп қан жоғалтып, оқиға орнында көз жұмған. Екатерина Васильевна 63 жасында мұндай жағдайға түсетінін білген емес. Өз кінәсін бірден толығымен мойындайды.

"Балаларымның алдында қатты ұялдым. Қылмысымды мойындаймын. Өзім жедел жәрдем мен полиция шақырдым. Дәрігерлер келіп, өлім уақытын тіркеді. Мені бірден бөлімге алып кетті. Таңертең менен қандай мақсатпен өлтіргенімді сұрады. Айына екі рет пробация мен наркологқа барып тіркеліп отырдым. Екі жылға сотталдым", - дейді Екатерина Васильевна.

Екатерина Васильевна бәріне арақ кінәлі екеніне сенімді. Ол бұдан кейін ешқашан ішпеуге уәде береді.

"Бұл менің кінәм, алкоголизм. Алкоголь – адамның басты жауы. Мас адам не істеп жатқанын түсінбейді. Көптеген қылмыс алкогольдік ішімдіктен орын алады. Мен бұл уды қолданатындардың бәріне ішпеңіздер деп айтқым келеді. Арақ - бұл бәленің басы", - деді Павлодар колониясының тұтқыны.

Аға инспектор, әділет капитаны, АП-162/2 түзеу мекемесінің психологы Гүлмира Егізбаеваның айтуынша, әйелдер жасағы Павлодарға бір ай бұрын келген.

Біздің кейіпкерімізді сабырлы және жанжалсыз тұлға ретінде сипаттады. Оның мысалында психолог алкогольдің әсерінен кез-келген адам қылмысқа қабілетті екеніне сенімді.

"Әйелдер отрядында қақтығыстар жиі орын алады. Қандай да бір ымыраға келу үшін біз олармен сөйлесеміз. Конфликтология және тыңдау қабілеті бойынша жеке және топтық сабақтар өткізіледі. Олар бір-бірімен сөйлесіп, тыңдай алатындай тренингтер өткіземіз", - деді Гүлмира Егізбаева.

Мерзімі аяқталғаннан кейін Екатерина Васильевна бұрынғы жұмысына оралуды жоспарлап отыр. Немерелерін тезірек көруді армандайды. Ол енді арақты аузына алмайтынына сенімді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935773-nemeremnin-betine-qarai-almaimyn-63-zasynda-zan-qurbysyn-oltirgen-keiuana-okinisin-aitty/

pixel