Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-дағы стационарларда науқастарға орын жоқ екені рас па

Опубликовано:

аурухана74
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Соңғы күндері әлеуметтік желіде​ Өскемендегі жұқпалы аурулар стационарларының дәрігерлері тұрғындарды ауруханаға жатқызудан бас тартып жатқаны туралы видео тарады. Бұған қатысты ШҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы түсінік берді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Соңғы күндері әлеуметтік желіде​ Өскемендегі жұқпалы аурулар стационарларының дәрігерлері тұрғындарды ауруханаға жатқызудан бас тартып жатқаны туралы видео тарады. Бұған қатысты ШҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы түсінік берді.

"Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстанда 3709 инфекциялық төсек орын бар болса, ауруханаларда 720 адам емделіп жатыр. Өңір бойынша төсек қоры 19 пайызға ғана жүктелген. Атап айтқанда, Өскеменде стационарларға 1240 адамды орналастыру мүмкіндігі бар, ал қазіргі уақытта 464 тұрғын ауруханаға жатқызылды.

Демек, қаладағы төсек қорының жүктемесі 37,4 пайызды құрайды. Әлеуметтік желіде тараған видеода Өскемен қаласының ауруханасына Зайсаннан келген науқас туралы айтылған. Бейнематериалда дәрігерлердің оны ауруханаға жатқызудан бас тартқаны көрсетілген. Негізінен бұған клиникалық хаттамаларға сәйкес, науқасты ауруханаға жатқызуға қажетті көрсеткіштерінің болмауы себеп болды", - деді Ермек Омарбеков.

Оның айтуынша, видеода мәселе толық көрсетілмеген. Тек үзінділері ғана алынған.

"Біздің стационарларымызда орын жеткілікті, коронавирусты емдеуге арналған дәрі-дәрмектердің екі айлық қоры қамтамасыз етілген. Диагностика жасау және емдеу хаттамасында белгілі бір ерекшеліктер бар. Оларға сәйкес, кейбір пациенттерді үй жағдайында, кейбір науқастарды стационарда емдеу қажет.

Егер сізде дене қызуы немесе басқа да белгілер пайда болса, бірден ауруханаға барудың қажеті жоқ. Тұрғылықты жеріңіз бойынша емханаға қоңырау шалып, учаскелік дәрігерді шақырыңыз. Жағдайыңыз нашарлаған жағдайда ғана ауруханаға жатуға болады", – деп түсіндірді басқарма басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935788-sqo-dagy-stacionarlarda-nauqastarga-oryn-zoq-ekeni-ras-pa/

pixel