Қазақстандықтарға жыл соңына дейін қандай вакциналар қолжетімді болады
Жарияланған күні:
Pfizer-мен 4 миллион доза вакцина бойынша келісімге қол қойылды. Сондай-ақ жыл соңына дейін Қазақстанға коронавирусқа қарсы үш түрлі вакцинаның шамамен 3 миллион дозасы жеткізіледі. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова мәлім етті деп хабарлайды zakon.kz.
"Бүкіл әлем вакцинация аздаған шектеулермен бұрынғы өмірге оралуға мүмкіндік беретінін түсінді. Бізде тек вакцинацияға ғана емес, сонымен қатар вакциналарды таңдауға да мүмкіндік бар. Бүгінде төрт вакцинаны таңдауға болады, олардың екеуі қытайлық (Coronovac және Sinopharm), сондай-ақ QazVac және Sputnik V", – деді СЭБК басшысы.
Айтуынша, дәрігерлер елде қолданылатын барлық төрт вакцинаның бірін де балалар мен жүкті әйелдерді вакцинациялауға қолдана алмайды.
"Біз үшін қазір стратегиялық міндеттердің бірі – халықтың осы санатын вакцинациямен қамту. Сондықтан Pfizer-мен 4 миллион доза вакцина жеткізу туралы келісімге қол қойылды. Жалпы, жыл соңына дейін Sputnik V шамамен 1 миллион доза, 1 миллионға жуық QazVac, 1 миллион Sinopharm жеткізіледі деп жоспарлануда", – деді Есмағамбетова.
Оның айтуынша, Қазақстанда бүгінгі күні эпидемиологиялық жағдай тұрақты: Қазақстанның 1 миллион тұрғынына шаққандағы ауру жұқтыру мен өлім-жітім бойынша әлемдік рейтингте 103-орында, халықтың 1 миллионына шаққандағы өлім саны бойынша 102-орында.
"Елімізде коронавирусқа қатысты эпидемиологиялық жағдай бүкіл әлемдегідей, яғни толқын-толқынымен дамыды. Біріншіден, өткен жылдың наурызында алғашқы жағдайлардың тіркелуі. Төрт толқын болды. Ең жоғары өсім маусымның ортасынан бастап тіркелді және төртінші толқында байқалды, ал төмендеу ағымдағы жылдың 10 тамызында басталды", – деп еске салды комитет басшысы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935897-zyl-sonyna-deiin-qazaqstandyqtarga-qandai-vakcinalar-qolzetimdi-bolady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.