Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Даниал Ахметов көпшіліктің шағымынан кейін бірқатар дәрігерді қызметінен босатты

Опубликовано:

Даниал Ахметов
Фото: Instagram / danial.akhmetov.official

ШҚО басшысы Даниал Ахметов көпшіліктің шағымдарынан кейін кей дәрігерлер қызметінен босатылғанын мәлімдеді.

Ол бұл туралы өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жазған.

"Өкінішке қарай, маған әлеуметтік желілерде науқастарға тиісті көңіл бөлмейтін, өз қызметіне ұқыпсыз қарайтын кейбір дәрігерлердің немқұрайлы жұмысы туралы жиі жазады. Жағдайды талдағаннан кейін Глубокое және Шемонаиха аудандық ауруханаларында, Өскемендегі №2 емханасында дәрігерлер өз қызметтерінен босатылды. Олардың орнына кәсіби мамандар келуі керек. Біз денсаулық сақтауды дамытуға орасан зор қаражат салып жатырмыз және оның қайтарымын көруге тиіспіз", - деп жазды облыс әкімі.

Даниал Ахметов, сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысы бұрынғыдай "сары" аймақта орналасқанына назар аударып, өңірдегі індеттің жұғу көрсеткіштеріне тоқталды.

"Бүгінгі күні коронавирустық індетпен 117 науқас тіркелді, оның басым көпшілігі облыс орталығының тұрғындары. Бұл вирустың дельта штамының жоғары жұқпалы болуына байланысты, онда бір науқас 10 адамға дейін жұқтыруы мүмкін. Қазір байланыста болған адамдар тобын жедел анықтауға ерекше көңіл бөлу керек, мұндай жұмыс Семей қаласында жақсы жүргізіледі.

Қазан айының 5 күні ішінде Семейде індетті жұқтыру көрсеткіші 12,7 %, ал Өскеменде 2,1% құрады. Бұл Семейдің медициналық қызметкерлері мен әкімдігі індеттің алдын алу бойынша елеулі шаралар қабылдап жатқандығын көрсетеді.

Вакцинацияға келетін болсақ, екпе салдырудан ел бойынша өңіріміз жетекші орын алады, бүгінде алғашқы компонентпен 770 мыңға жуық адам вакцинациядан өткен. Әлі де осы қарқыннан қалмауымыз шарт", - деп түйіндеді әкім.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935899-danial-axmetov-kopsiliktin-sagymynan-keiin-birqatar-darigerdi-qyzmetinen-bosatty/

pixel