Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жалған вакцина паспортын сату: Алматыда екі емхананың басшысы жұмыстан кетті

Опубликовано:

Екпе
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев оңтүстік астанада жалған вакцина паспортын жасау ісіне қатысы бар екі емхана басшысы жұмыстан қуылғанын хабарлады деп жазады Қазақпарат.

Нариман Табынбаев құжатты қолдан жасауға қатысы бар екі емхана басшысы, алты дәрігер мен медбикелерді жұмыстан шығаруға тура келгенін жасырмады.

"Осындай жағдай болмауы үшін түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз, бейнекамера саны көбейтілді, бақылаушылар жұмысы күшейтілді", - деді басқарма басшысы.

Оның сөзінше, жаппай вакциналау басталғалы бері қалада жалған құжат жасау бойынша 16 жағдай анықталған.

"Бұл жаппай вакциналау басталған кезеде орын алды. Үш емханада факті анықталды. Шамамен 16-ға жуық жағдай тіркелді. Қазір іспен тергеу органдары айналысып жатыр", - деді Нариман Табынбаев.

Басқарма басшысы барлық дерек тергеу жүргізу үшін тәртіп сақшыларына жолданғанын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935961-zalgan-vakcina-pasportyn-satu-almatyda-eki-emxananyn-bassysy-zumystan-ketti/

pixel