Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Балаға мерзімі өткен дәрі егілді": Ақтаулық әйел дәрігерлерді салғырттық танытты деп айыптады

Опубликовано:

Екпе
Көрнекі фото: pexels.com

Ақтау қаласының тұрғыны жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерлерін өз жұмысына салғырттық танытты деп айыптады. Олар екі жасар қызына мерзімі өтіп кеткен дәрі еккен. Осыдан кейін сәбидің жағдайы нашарлаған - қызуы көтеріліп, денесі құрыса бастаған деп хабарлайды "Астана" арнасы.

Телеарна мәліметінше, қыз бала ауруханаға талай рет жүгінуге мәжбүр болған. Қаңтардан бері дәрігерлер оның денесі құрысып, қызуы 38 градусқа дейін көтерілуінің себебін анықтай алмай келіпті.

Оған нақты диагноз қыркүйек айында үшінші рет ауруханаға жатқызу кезінде ғана қойылған. Бұған жеке зертханадан мамандарды тарту септік болыпты.

Нақты диагноз - цитомегаловирус. Қымбат тұратын дәріні қыздың ата-анасы өз бетінше сатып алған соң медбикелер тек нұсқауларды қатаң сақтап, дәріні егуі тиіс болған.

Соған қарамастан, қыздың анасының айтуынша, медициналық мекеме жұмысшыларының бірі қызына мерзімі өтіп кеткен препаратты егіп жіберген екен.

"Бұл препарат тек 24 сағатқа жарамды. Яғни, бала 24 сағат ішінде 2 рет қабылдауы керек. Олар оны сағат 2-де ашты, яғни оны түнгі 2-де беру керек, келесі күні оны тастау керек. Екісі күні егіліп тасталуы тиіс дәріні олар үшінде қайта қолданған, яғни жарамдылық мерзімі өтіп кеткенде еккен", - дейді қыздың анасы Жұлдыз Тадженова.

Анасы мерзімі өткен екпені алғаннан кейін қызының жағдайы күрт нашарлағанын айтады.

Телеарнаның хабарлауынша, аурухана өкілдері мейірбикенің өз кінәсін мойындап, оған сөгіс жарияланғанын алға тартыпты.

Ал ата-анасын баланың жағдайы тұрақты екендігі ғана тыныштандырған.

"Әзірге ескерту, себебі ол мұндай жағдайға бірінші рет тап болды. Медбике кінәсін мойындады, әкесінен кешірім сұрады. Қызуы түспей тұр, себебі цитомегаловирустық инфекцияда тұрақты температура болуы мүмкін. Инфекцияның өзі осындай", - деп түсіндірді Маңғыстау балалар ауруханасы директорының емдеу-профилактикалық жұмысы жөніндегі орынбасары Гүлжан Ермекбаева.

Десе де зардап шеккен қыздың анасы сөгіс түріндегі жазаға қанағаттанбай отыр. Әйел аурухананың кінәлі қызметкерін жұмыстан шығаруды көздейді.

Сонымен қатар, қыздың анасы балаға сапалы медициналық көмек көрсетілуі үшін елордадағы аналар мен балаларға арналған ұлттық орталыққа квота алғысы келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936026-balaga-merzimi-otken-dari-egildi-aqtaulyq-aiel-darigerlerdi-salgyrttyq-tanytty-dep-aiyptady/

pixel