Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бала туып бергенін қалаған: Алматыда жасөспірімді өз әкесі мен өгей әкесі зорлаған

Опубликовано:

Зорлық-зомбылық
Көрнекі фото: Sochinews.io

Алматыда ер адам 15 жастағы өз қызын зорлаған. Жасөспірім оқиғаны егжей-тегжейлі диктoфонға басып алып, қоғам белсенділерінен көмек сұраған. Тіпті, педофил-әке туған қызының бала туып бергенін қалаған екен деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, қыз бала бес жасында зорлық-зомбылық құрбаны болған. Оған туған әкесінен бөлек, өгей әкесі де тиіскен.

"Ол 5 жасында, сосын 9, 11 жасында зорланған. 5 жасында өгей әкесі қорлық көрсетсе, содан кейін өз әкесі зорлаған. Ол колледжге түскеннен кейін облыстан қалаға әкесіне келген. Бұған дейін ол әкесін білмеген, көрмеген", - деді "Немолчи KZ" қоғамдық қоры бақылау кеңесінің мүшесі Татьяна Король.

Анықталғандай, ер адам педофилия үшін сотталып шыққан. Бірақ түрмеде өткізген 10 жылы оны өзгертпеген. Түрмеден шыққан зорлықшы туған қызын зорлауға кіріскен.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қазір күдікті тергеу изоляторында отыр.

"Аталған факті Қылмыстық кодекстің 120-бабы, 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне алынды. Күдікті ұсталды, сот қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады", - деді Алматы полиция департаментінен.

Сонымен қатар, қоғамдық қор жантүршігерлік статистиканы келтірді. Соңғы бес жылда елде кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық екі есеге көбейген.

Өткен жылы 227 қылмыс жасалса, 2016 жылы 100 дерекке аз болған. Бүгінде түзету мекемелерінде бір жарым мыңнан астам педофил жазасын өтеп жатыр.

Я. Гладкова

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1936145-bala-tuyp-bergenin-qalagan-almatyda-zasospirimdi-oz-akesi-men-ogei-akesi-zorlagan/

pixel