Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда ит пен мысықтың етін жеуге заң жүзінде тыйым салынады

Опубликовано:

Ит пен мысық
Көрнекі фото: pixabay.com

Елімізде ит, мысық пен тышқанның етін жеуге заң бойынша тыйым салынбақ. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады деп жазады Хабар 24.

Жануардың өліміне әкеліп соққан жағдайлар үшін қатаң жауапкершілік жүктеледі. Кінәлі тұлғаға 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Қылмысты екі қайтара жасағандар 1 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Қазір елде "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заң жобасы парламентте қаралып жатыр. Ұсынылған заң жобасы жануарларға қатысты жағымсыз жағдайларға тосқауыл қояды.

Мұндайға иттердің төбелесін өткізу, анестезиясыз ветеринарлық операция жасау, әлсірету және уақытылы көмек көрсетпеу, қатыгездікпен өлтіру сынды әрекеттер кіреді.

Сондай-ақ ит, мысық, тотықұс және тышқандардың еті мен майын пайдалануға, жеуге алғаш рет заң бойынша тыйым салынбақ.

"Қылмыстық кодексте жануарлардың өліміне байланысты санкциялар 200 АЕК-ге дейін өсіп, 50 тәулікке дейін қамауға алуға дейін күшейтілді. Және 2 немесе одан да көп қылмыс жасағандарға БАҚ-та жария етіле отырып, 1000 АЕК көлемінде айыппұл салу және 1 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", - деді Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі комитеті төрағасының орынбасары Данияр Тұрғамбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936160-qazaqstanda-it-pen-mysyqtyn-etin-zeuge-zan-zuzinde-tyiym-salynady/

pixel