Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жағдайды жасырмай әңгімелеп берсе": Есен Елеукен алдағы жоспарын бөлісті

Опубликовано:

Есен Елеукен
Есен Елеукен. Фото: old.aqmeshit-aptalygy.kz

«Қазақстан КВН Одағы» Республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің президенті Есен Елеукен өзінің ресми YouTube арнасында осы күнге дейін саясатқа, қоғамдық істерге араласқан және кезінде ел басқарған адамдардан сұхбат алуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Жайдарман" ойындарының негізін қалаушы бұған дейін ресми YouTube арнасын ашып, "Есті подкаст" деген атаумен түрлі тақырыптарды қамтитын жеке подкасттарын жариялап жүрген болатын.

Бүгінде Есен Елеукеннің арнасына 22 мыңнан аса адам жазылған.

"Соңғы кезде бәрінде сұхбат алғыш боп кетті деген пікірлер жиі айтылып жүр ғой. Дәл қазіргі сәттегі актуал, хайп жаңалықтарды көтеріп сұхбат алу трендке айналып барады.

Ал мен өз подкастарымда тәуелсіздік алған жылдан бері қарай саясатқа, қоғамдық істерге араласқан, кезінде ел басқарған адамдардан сұхбат алуды жоспарлап отырмын.

Қиын кезеңдерде қандай жұмыс істегендерін, қандай жоспарлар болғанын, оның қайсысы жүзеге асып, қайсысы іске аспағанын сұрағым келеді.

Жеке басында, көзқарасында шаруам жоқ, бірақ сол қызмет еткен кездегі жағдайды жасырмай әңгімелеп берсе деген ой келді. Осы оймен біраз азаматпен хабарласып шықтым. Бұйырса, алдағы уақытта бастаймын деген жоспар бар", "- дейді «Қазақстан КВН Одағы» президенті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936202-zagdaidy-zasyrmai-angimelep-berse-esen-eleuken-aldagy-zosparyn-bolisti/

pixel