Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қашан коронавирустың беті қайтып, қазақстандықтардың жағдайы жақсара бастайды

Опубликовано:

Көшедегі адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Белгілі нумеролог әлемді шаршатқан коронавирустың беті 2022 жылы ғана қайтып, халықтың әл-ауқаты мен денсаулығы түзелетінін айтты деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

"2022 жылы біздің сандар бойынша ешқандай қауіп-қатер жоқ. Анализ жасап, ковидтен аман есен шығамыз деп ойлаймын", - деді нумеролог Құралай Бақытқызы.

Сандар көріпкелінің пайымынша, Қазақстанның жағдайы Тәуелсіздіктің 30 жылдығынан соң жақсара бастайды. Біздің ел үшін 2022 сәтті болмақ.

"Желтоқсан айында Қазақстанға 30 жас болады. Ал бізде 29 жаста 13 жаста түсті, 30 жылдан асса біраз нығайтып, шығады деп ойлаймын. 2022 жыл жаман емес", - деді нумеролог.

Ал мамандар "коронавирус бітпейді, тек онымен өмір сүріп үйренеміз" деген пікірде.

"Алдағы уақытта болжамға қарағанда бұл ковидтен қауіп бар, білдік, үйрендік! Тек осымен өмір сүріп үйренуіміз керек. Яғни, вакцина салдыру керек, ауырғаннан кейінгі антиденесі болуы шарт", - деді дәрігер-иммунолог Әкім Тұрсын.

Ал Денсаулық сақтау министрлігі қарашаның аяғына дейін елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты болатынын мәлімдеді.

"Қарашаның аяғына дейін жоспарларды қарап отырмыз, соған сәйкес жағдай тұрақты болады деп сенімдіміз. Ал көктемге арналған болжамды жылдың басына бере аламыз", - деді денсаулық сақтау вице-минстрі Марат Шоранов.

Қорыта келе, пандемияның нақты қашан тоқтайтыны белгісіз. Десе де шетелдік вирусологтар ковидпен әлі бір жылдай күресеміз, өйткені әлі әлемде оған қарсы тұратын имунитет қалыптаспаған деп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936222-qasan-koronavirustyn-beti-qaityp-qazaqstandyqtardyn-zagdaiy-zaqsara-bastaidy/

pixel