Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында мектеп түлектері туған ауылына 22 млн теңгеге футбол алаңын салып берді

Опубликовано:

алаң
Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодар облысының шалғай ауыл тұрғындары жерлестеріне Тәуелсіздік күні қарсаңында тарту жасады деп хабарлайды "Хабар 24".

Май ауданы Малайсары ауылының азаматтары ауыл балаларына футбол алаңын салып берді. Тұрғындары әу бастан спортқа құштар екен.

Ауыл балалары әсіресе көкпарға жақын. Көкпар – күштілердің ойыны.Жеңіске жету үшін білектің күші жеткіліксіз. Физикалық тұрғыдан мықты болу үшін тұрақты жаттығу қажет.

Балалар ұлттық ойыннан бөлек, теңбіл доп қуғанды да жақсы көреді. Осындай алаңда футбол ойнау бір ғанибет дейді жас споршылар.

"Футбол алаңын қосқаннан кейін бізге үлкен мүмкіндік туды. Біз осы футбол алаңын көптеген жылдар бойы армандадық", - деді оқушы Исмаил Сипатилов.

Ауыл азаматтары жаңа спорт нысанында аудандық турнир өткізіп үлгерді. Оқушылар ғана емес, есеректер де бақ сынады.

Ақсақалдар қауымы алаңның салынуын көп жылдар бойы күткен. Мереке қарсаңында жерлестері тосын сый жасап, қариялардың ақ батасын алды.

"Мектептің шәкірттері демеушілік жасап, 22 миллион теңгеге футбол алаңын салып берді. Біз қуаныштымыз. Міне, көріп тұрсыздар, жас балалар спортпен шұғылдануда. Кешке қарай ауылдың жастары шұғылданады. Балалар бос жүрмейді. Қуаныштарында шек жоқ балалардың", - деді спорт ардагері Сенбек Өмірбеков.

Енді ауыл балалары көкпар мен футболмен қатар айналысу мүмкіндігіне ие. Малайсары елді мекенінде ұлттық ойын кәсіби тұрғыда дамыған. Ел азаматтары болашақта ұлттық ойындар мектебін ашпақ. Осылайша, ата дәстүрін сақтап, келер ұрпаққа жеткізбек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936232-pavlodar-oblysynda-mektep-tulekteri-tugan-auylyna-22-mln-tengege-futbol-alanyn-salyp-berdi/

pixel