Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде телеарна мен радио жұмысы уақытша тоқтатылады

Опубликовано:

Теледидар
Көрнекі фото: Pixabay

Қазақстанда телеарна мен радио жұмысы уақытша тоқтатылады деп хабарлайды "Қазтелерадио" ресми сайты.

2021 жылдың 20 қазан айында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.

Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады.

"Қазтелерадио" АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшінқажет, ал тоқсан сайынғы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді, сондықтан осы уақыт ішінде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүзеге асырылады",- делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936366-elimizde-telearna-men-radio-zumysy-uaqytsa-toqtatylady/

pixel