Коронавируспен күрес: Медқызметкерлерге 116 млрд теңге үстемақы төленді
Опубликовано:

Коронавируспен күреске жұмылдырылған мамандарға 116 млрд теңге бағытталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Эпидемияға қаршы іс-шараларға жұмылдырылған медициналық қызметкерлерге материалдық көмек жасалды. КВИ-мен күреске тікелей тартылған тәуекелдің үш тобы бойынша 116 млрд теңге сомасында үстемақы төленді" , - деді Алексей Цой мәжілістегі үкімет сағатында.
Оның айтуынша, 2020 жылы дәрігерлердің орташа жалақысы 30 пайызға, орта медицина жұмыскерлерінің жалақысы 20 пайызға артты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936474-koronaviruspen-kures-medqyzmetkerlerge-116-mlrd-tenge-ustemaqy-tolendi/