Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысында мектеп маңында жарылыс болды (фото)

Опубликовано:

Қызылорда
Оқиға орны. Фото: gov.kz

Бүгін, 11 қазан күні, таңертең Тасарық ауылындағы орта мектеп ауласында орналасқан жылу қазандығында жарылыс болды. Бұл туралы Қызылорда облысы ТЖД ресми сайтында хабарланды.

Бүгін таңғы сағат 08.15-те Қазалы ауданы Тасарық ауылындағы №238 орта мектеп ауласында жеке тұрған көмірмен жылынатын жылу қазандығында жарылыс болған. Ведомствоның хабарлауынша, жарылыстың арты өртке ұласқан жоқ.

Төтенше жағдай салдарынан ауданы 64 шаршы метр болатын ғимараттың қабырғалары мен жабыны опырылып түскен.

Абырой болғанда, зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.

Мектептегі оқу тоқтатылған жоқ, себебі бүгін ауа райы қолайлы, яғни +9 градусқа дейін жылы болып тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936475-qyzylorda-oblysynda-mektep-manynda-zarylys-boldy-foto/

pixel