Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кімді алдап жатыр": Цой вакцина паспортын сатып алғандарға ескерту жасады

Жарияланған күні:

Ашық
Көрнекі фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов

Бүгін мәжілістегі үкімет сағатында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакциналаудың жалған паспорттарын сатып алуға қандай тосқауыл қойылып жатқанын айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Жұмысына адал қарамайтын әріптестеріміз де бар екені өкінішті. Бұл тұрғыда "бизнестің индустриясы" байқалды. Осы орайда біз осы мәселені шешу үшін бірінші болып бастама жасап, құқық қорғау органдарынан жедел жұмыстарды жүргізуді сұрадық. Яғни салада өзі ісіне адал емес әріптестерімізді анықтау керек болды.

Бұл ретте 90-нан астам қылмыстық іс қозғалды, оның жартысынан астамы ПТР-тест нәтижелерін қолдан жасауға, ал қалғаны вакциналау паспортына қатысты.

Әрбір пункт бойынша тексеріледі. Сот шешімі шыққаннан кейін, барлық жалған паспорттар базадан өшіріледі. Бірқатар ұйымдарда камералар орнатылды. Сонымен қатар ішкі қадағалау бар, медициналық ұйымдар өздері де тексеру жүргізеді", - деді Алексей Цой.

Осы орайда ол вакцина алу арқылы індеттің таралуын тежеуге мүмкін болатынын айтты. Сонымен қатар, коронавирустың жеңіл өтуіне жағдай жасалады.

"Шынын айтқанда, бұл мәселеге қатысты халыққа түсіндіруге тырысып жатырмыз. Адамдар өзін-өзі (жалған паспорт арқылы - ред.) алдап жатыр. Денсаулығын қорғамайтын қағазды сатып алғаннан не пайда? Кімді алдап жатыр?!", - деді министр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Pfizer компаниясының вакцинасын салдыра алатын азаматтар санаты кеңейтілуі мүмкін екенін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936488-kimdi-aldap-zatyr-coi-vakcina-pasportyn-satyp-algandarga-eskertu-zasady/