Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда автобус күткен халық аялдамаға жиналып қалған: Әкімдік пікір білдірді

Опубликовано:

Аялдама
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Бүгін оңтүстік астанадағы автобус аялдамаларының біріне маршрут күткен бірнеше адам жиналып қалған. Қала тұрғындарының жазуынша, халықтың көптеп жиналуына қоғамдық көліктердің кешігуі себеп болған. Жағдайға қатысты Алматы әкімдігі пікір білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бейнежазба Instagram желісіндегі kris_p_kz парақшасында жарияланды. Кадрларда аялдамада қоғамдық көлік күтіп тұрғын бірнеше адам көрсетілген.

Жазба авторларының болжауынша, автобустардың кешігуіне дизель отынының тапшылығы себеп болуы мүмкін. Айта кетейік, бұған дейін Қарағандыда дизель отыны жетіспеушілігінен қоғамдық көліктердің үштен бірі жүрмей қалған еді.

Осыған қатысты Алматы қаласының әкімдігі пікір білдірді. Ведомствоның хабарлауынша, кадрларда Қалқаман шағын ауданында Райымбек даңғылы бойындағы "7 қалалық аурухана" аялдамасы бейнеленген.

Бұл аялдамадан 18 маршрут - №11, 14, 15, 16, 23, 26, 27, 31, 47, 67, 78, 95, 102, 112, 115, 118, 128, 202 өтеді. Ал жалпы аялдамаға 263 қоғамдық көлік тоқтайды.

"Маршруттардың қозғалыс кестесінің бұзылу жолдардағы көлік кептелісімен байланысты болады, жол жөндеу жұмыстарына байланысты маршруттың жүру уақыты ұзарады. Орталық диспетчерлік қызмет әрбір маршруттың қозғалысын бақылап отырады. Ақаулар пайда болса, шара қабылдау үшін тасымалдаушыға хабарланады", - делінген ведомствоның жауабында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936502-almatyda-avtobus-kutken-xalyq-ayaldamaga-zinalyp-qalgan-akimdik-pikir-bildirdi/

pixel