Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Депутаттар карантин туралы бөлек заң қабылдауды ұсынды

Опубликовано:

Блок-бекет
Көрнекі фото: NUR.KZ

Мәжілістегі "Ақ жол" фракциясының депутаттары Қазақстанға карантин туралы жаңа заң қажет санайды. Бұл туралы мәжілісте өткен үкімет сағатында депутат Айгүл Жұмабаева мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Былтыр Төтенше жағдай туралы заң бойынша елде төтенше жағдай режимі жарияланды. ТЖ мерзімі 30 күннен аспайтынына байланысты, осы мерзім аяқталысымен Қазақстан төтенше жағдай режимінен шығып, құқықтық турбуленттік күйіне түсті. Енді бизнес екі жылдай құқықтық алаңнан тыс өмір сүріп жатыр. Өйткені "карантиндік шаралар" ұғымы бірде-бір заңда, бірде-бір нормативтік-құқықтық актіде жоқ", - деді Жұмабаева елдегі эпидемиологиялық ахуалға арналған үкімет сағатында.

Айтуынша, осының салдарынан мониторингтік топтар шектен шықты.

Депутат елде шектеу шараларын қабылдауға құқылы және өзіне жауапкершілік алатын заңмен белгіленген орган әлі күнге жоқ екенін атап өтті. Бұған қоса, санитар дәрігерлер енгізетін шектеулер де түсініксіз. Өңірлерде эпидемиологиялық ахуал ұқсас болса да, әртүрлі карантиндік шектеулер жарияланады.

"Атамекен" кәсіпкерлер палатасының ақпаратынша, санитар дәрігерлер аурушаңдықтың төмендегеніне және бас санитардың тыйымына қарамастан, бизнес үшін жұмыс ережелерін әлі де қатаңдатып отыр. Осыған байланысты кәсіпкерлер палатасы санитар дәрігерлердің құқықбұзушылығын қадағалап, ведомствоаралық комиссияға хабарлайтынын мәлімдеді", - деді Жұмабаева.

Мәжілісвумен Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің карантиндік шараларды бұзу туралы нормаларын қолдану айыппұлдың негізсіз өсірілуіне әкеп соғады.

"Карантиндік шаралардың айқын ережелері жоқ. Соның кесірінен пандемия кезінде бизнес тыйымдардың өзінен емес, белгісіздіктен көбірек зардап шегіп отыр", - деді депутат.

Осыған байланысты "Ақ жол" фракциясы карантиндік шаралар туралы заң қабылдауды ұсынды. Онда карантинді енгізу тәртібі, мерзімі мен шарттары көрсетіліп, шектеу енгізуге құзыреті бар орган, оның өкілеттігі мен қабылданған шешімдер үшін жауапкершілігі айқындалуға, сондай-ақ карантин жағдайында кәсіпкерді қорғау шаралары қарастырылуға тиіс, деп есептейді депутаттар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936512-deputattar-karantin-turaly-bolek-zan-qabyldaudy-usyndy/

pixel