Атырауда шетелдіктер наубайханада заңсыз жұмыс істеген
Опубликовано:

Атырауда наубайханада заңсыз жұмыс істеген шетелдіктер анықталды деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінен мәлім еткендей, бұл дерек «Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде тіркелген.
"Учаскелік полиция қызметкерлері облыс орталығындағы Атырау шағын ауданында орналасқан наубайханада жұмыс істеп жүрген Өзбекстан Республикасының 6 азаматын анықтады. Тексеру барысында 3 өзбек азаматының жеке басын растайтын құжаты жоқ екені белгілі болды", -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қазір Өзбекстан Республикасының азаматтары Атырау қалалық полиция басқармасының қабылдап-тарату орталығына орналастырылды. Оларға қатысты жинақталған іс-құжаттар көші-қон қызметі бөлімі мен Атырау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық басқармасына жолданды.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда есірткі тасымалдаған шетелдік қамауға алынғанын жазған болатынбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936545-atyrauda-seteldikter-naubaixanada-zansyz-zumys-istegen/