Елімізде тәулік ішінде коронавирус жұқтырғандар саны азайды
Опубликовано:

Қазақстанда тәулік ішінде қанша адам коронавирус жұқтырғаны туралы мәліметті Coronavirus2020.kz Telegram-каналы назарға ұсынды.
Ресми мәліметтерге сәйкес, елімізде өткен тәулікте 1499 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталған. Бұл 10 қазандағы көрсеткішпен (1717 адам) салыстырғанда дертті жұқтырғандар саны әлдеқайда азайғанын байқатады.
Аймақтар бойынша дертті жұқтырғандар саны келесідегідей:
Нұр-Сұлтан қаласы - 271
Алматы қаласы - 238
Шымкент қаласы - 37
Ақмола облысы - 110
Ақтөбе облысы - 28
Алматы облысы - 112
Атырау облысы - 13
Шығыс Қазақстан облысы - 95
Жамбыл облысы - 11
Батыс Қазақстан облысы - 18
Қарағанды облысы - 157
Қостанай облысы - 97
Қызылорда облысы - 13
Маңғыстау облысы - 3
Павлодар облысы - 155
Солтүстік Қазақстан облысы - 122
Түркістан облысы - 19
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 907140 адамды құрап отыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936578-elimizde-taulik-isinde-koronavirus-zuqtyrgandar-sany-azaidy/