Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Солтүстік Қазақстанда әйелін атып өлтіріп, қызы мен жиеніне оқ атқан ер адам сотталды

Опубликовано:

сотт
Көрнекі фото: pixabay.com

Қызылжарда әйелін өлтіріп, қызы мен жиеніне  оқ атқан ер адам 23 жылға сотталды деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, қанды оқиға Тимиряз ауданында болған. 

Отбасылық мереке  кезінде  отағасы ішімдікке сылқия тойып алып, жанжал шығарған соң әйелі қызының үйіне кетіп қалады.

Ізінше 58 жастағы ер адам мылтық пен пневматикалық тапанша алып, сонда барған. Өз сөзін өткізе алмаған ол әйелін сол жерде атып тастайды.

Қаскөй қызы мен 12 жасар жиеніне де оқ жаудырған. Жарақат алған олар дәрігерлердің дер кезінде көрсеткен көмегінің арқасында аман қалды. Қазір  ауруханада ем алып жатыр.

"Глушков Юрий Александрұлын бірнеше қылмыстық заңбұзушылығы үшін 23 жылға бас бостандығынан айырылсын. Оған 10 жылға ұстаздық қызметті және кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істеуге тиым салынған. Сотталушы қылмыстық-атқару жүйесінің қатаң түрдегі мекемесінде жазасын өтесін", - деді СҚО қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Сергей Викторенко.

А. Құрманкин

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936593-soltustik-qazaqstanda-aielin-atyp-oltirip-qyzy-men-zienine-oq-atqan-er-adam-sottaldy/

pixel